Шымкент • Бүгін, 03:27

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Серікұлы Беркімбаев тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

 

Берік Серікұлы 1980 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, құқықтану, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат бойынша маман.

Еңбек жолын 2001 жылы Прокуратура органдарында бастаған.

2010-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды.

2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды. 2023 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет етті.