Спорт • Бүгін, 09:56

Грек-рим күресінен 26 жыл аңсаған алтынды тарту еткен Айдос Сұлтанғали елге оралды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әуежайында Загребте өткен әлем чемпионатында алтыннан олжа салған Айдос Сұлтанғали мен құрама спортшыларын жанкүйерлер қошаметпен күтіп алды, деп жазады Egemen.kz

Грек-рим күресінен 26 жыл аңсаған алтынды тарту еткен Айдос Сұлтанғали елге оралды

Фото: ТСМ

Олар 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке ауған түні елге жетті. Спортшыларды қарсы алушылардың қатарында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, спорт жанкүйерлері, әскери оркестр болды. 

Аа

Күрес түрлерінен осы жолғы әлем чемпионаты айрықша жеңіспен айшықталды. Тарихқа  Айдос Сұлтанғали түрен салып, араға 26 жыл  салып грек-рим күесінен жаһан біріншілігінің бас жүлдесін жеңіп алды. Отандасымыз финалдық бәсекеде өзбекстандық Әлішер Ганиевті бір минутта таза жеңген болатын.

Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылдары дүбірлі доданың қола жүлдесін қанағат тұтқан. 

Аа

Айта кетейік, Айдостың «алтыны» грек-рим күресінен Отанымызға бұйырған алтыншы жүлде. Бұған дейін жеңістің ең биік сатысынан Юрий Мельниченко (2 рет), Мхитар Манукян (2 рет), Бақтияр Байсейітов (1 рет) көрінген еді.