Қоғам • Бүгін, 13:06

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет нарығындағы делдалдарға бақылауды күшейтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп ет бағасын тұрақтандыру және делдалдар тарапынан негізсіз үстемеақы қосуды болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет нарығындағы делдалдарға бақылауды күшейтті

Үкіметте өткен брифинг барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елімізде өндірілетін еттің көлемі жеткілікті.

Сауда орындарына жүргізілген үш күндік бірлескен рейдтер барысында фермерлердің көтерме саудада өз өнімдері келісін 3 000-3 500 теңгеден өткізетіні анықталды. Сонымен қатар, делдалдардың қысқа уақыт ішінде ет бағасын едәуір көтеріп жіберетіні де белгілі болды.

«Бір жерден 3 200-ден сатып алып, сауда желілеріне 3 800 теңгеден тапсыратын фактілер кездесті. Бір сағат ішінде бір килограмнан 600 теңге пайда табады. Делдалдармен жұмыс жүргізу керек. Біз сауда министрлігімен бірлесіп бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз», деп атап өтті Айдарбек Сапаров.