
Жүргізілген талдау нәтижесінде 85 қызметкерге жалпы сомасы 27,4 миллион теңгені құрайтын еңбек демалысына төлемақы уақытылы төленбегені анықталып, олардың ақылы жыл сайынғы демалысқа шығу жөніндегі конституциялық құқықтарының бұзылғаны белгілі болды.
Аудан прокуратурасымен енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде еңбек демалысына берілмеген төлемақы толық көлемде өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Зерендi ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуы мен қызметкерлердің құқықтарының қорғалуын бақылауда ұстайды.
Ақмола облысы