Оқиға • Бүгін, 09:16

Павлодарда жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек инспекторларының мәліметінше, қайғылы жағдай бойынша тексеріс басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты

Павлодар облысы жедел медициналық жәрдем стансасының хабарлауынша, 23 қыркүйек күні сағат 15:00 шамасында ЖЭО-2-ге шақырту түскен. Бригада 9 минут ішінде оқиға орнына жеткенімен, зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Жұмысшының қаза тапқанын еңбек инспекторлары да растады. Олар жағдайдың мән-жайы тексеріс барысында анықталатынын атап өтті.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2 станциясында жұмыс барысында қайғылы оқиға орын алды. Нәтижесінде 1992 жылы туған 4-разрядты дәнекерлеуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше