Теңге • Бүгін, 10:30

Теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк сынақ алаңы аясында теңгеге тіркелген алғашқы стейблкоинді шығарды. Жоба Intebix биржасы, Solana блокчейн-платформасы, Mastercard және Еуразиялық банктің серіктестігімен жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.

Теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды

«Теңгемен отандық стейблкоинді іске қосу цифрлық инновациялық шешімдерді дәстүрлі қаржы инфрақұрылымымен біріктіріп, крипто-фиат каналын кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Криптовалютаны теңгемен қамтамасыз етілген стейблкоинге айырбастауға және криптокарталарды пайдалана отырып сауда операцияларын жүргізуге мүмкіндік туады», деп хабарлады Ұлттық банк.

ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес цифрлық қаржы өнімдерін дамыту қолға алынғанын атап өтті. Қазір сынақ алаңында төрт бағыт бойынша сегіз пилоттық жоба іске асырылып жатыр, олардың алғашқысы – қазақстандық стейблкоин.

Маусым айында Ұлттық банк криптовалютаны теңгеге бірден конвертациялап төлем жасауға мүмкіндік беретін криптокарталарды да іске қосқан болатын.

Стейблкоин – фиат валютамен қамтамасыз етілген цифрлық актив. Ал сынақ алаңы – осындай жаңа жобаларды қауіпсіз сынап көруге арналған арнайы режім.

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше