
Фото: Ашық дереккөз
«Бүгінгі күні еліміздегі 2 миллион жеке кәсіпкердің 44%-ы декларацияда ешқандай айналым көрсетпейді немесе мүлде декларация тапсырмайды. Бұл шамамен 1 миллионға жуық жеке кәсіпкер өз айналымын жасырып отырғанын білдіреді. Жалпы алғанда, бизнес субъектілерінің тек 20%-ы ғана жылына 1 миллион теңгеден жоғары салық төлейді, ал 80%-ы салық төлемейді», деді Ержан Біржанов.
Оның айтуынша, жағдайды бақылау-кассалық машиналарды дұрыс пайдаланбау да ушықтырып отыр.
«Қазір 400 мыңнан астам кассалық аппаратынан мүлде чек берілмейді. Ал 260 мыңы күніне небәрі бір ғана чек береді. Бұл негізінен шағын бизнеске тән құбылыс. Осындай жағдайда салық тәртібі қалай сақталады? Біздегі ең басты мәселе – салықтық тәртіптің әлсіздігі» деп түсіндірді вице-министр.
Сонымен қатар ол мемлекет тарапынан қолға алынған ынталандыру шараларының тиімділігін де атап өтті. Мәселен, 10 өңірде іске асқан «салықтық кэшбэк» жобасы тұтынушыларды чек талап етуге үйретіп, нәтижесінде чектер саны 1,5 есеге артқан.
Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, тіркелген 2 миллион жеке кәсіпкердің басым бөлігі заң жүзінде нөлдік есеп тапсырады, әрі олардың қатарында жалдамалы қызметкерлер жоқ.