Жастар • 25 Қыркүйек, 2025

Студенттерге арналған жатақхана ашылды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда 339 орынға лайықталып жасалған жатақхана студенттердің игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.

Студенттерге арналған жатақхана ашылды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Халықаралық білім беру корпорациясының (ХББК) жаңа студенттік жатақханасын аралады. Нысан корпорацияның білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламасының бір бөлігі. Жаңа ғимараттың басты ерекшелігі – жатақхана комфорт-класс деңгейінде салынған. Әр бөлме жеке асүймен, санитарлық тораппен және жұмыс аймағымен жабдықталған, бұл студенттердің тұрмысын барынша ыңғайлы етіп, апартамент үлгісіне жақындатады. Ғимаратта бірлесіп оқу мен жобалық жұмысқа арналған коворкинг аймақтары қарастырылған.

Жатақхана «ақылды кампус» жүйесіне біріктірілген, ол қауіпсіздік пен қолжетімділікті орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Жалпы аумағы – 3 822,4 шаршы метр, инвестиция көлемі 15 млрд теңгеден асты.

«Маңыздысы – түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы. Қазір біз жиі шетелдік мамандарға жүгінеміз. Қазақстандық мамандар жоқтың қасы. Сондықтан өзіміздің кадрларды өсіріп, олар қала игілігі үшін жобаларды жүзеге асыруы қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Студенттердің тәжірибелік даярлығы үшін ХББК базасында заманауи зерттеу алаңдары жұмыс істейді. Олардың қатарында Samsung және JBL компанияларымен бірлескен жобалар бар. Бұл болашақ архитекторларға, инженер мен дизайнерлерге әлемдік деңгейдегі құрал-жабдықта курстық және дипломдық жұмыстар орындауға мүмкіндік береді. Университет кампусында FabLab (Fabrication Laboratory), қалалық зерттеу зертханасы, сейсмикалық әсерді зерттеуге арналған бірегей сейсмоплатформа, дрон зертханасы, құрылыс геотехникасы зертханасы, сондай-ақ О.Ю. Пяк атындағы желдету және кондиционерлеу бойынша мамандандырылған зертхана жұмыс істейді. Айта кетейік, 2007 жылы құрылған Халықаралық білім беру корпорациясының (ХББК) құрамына Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университеті (ҚАУ) кіреді. Бүгінде корпорацияда 16 мыңнан астам студент оқып жатыр. ХББК халықаралық бағдарламаларды дамытып, әлемнің жетекші университеттерімен тығыз әріптестік орнатып келеді. Алматы әкімдігі студенттер мен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп, білім алуға және өмір сүруге қолайлы заманауи кеңістіктерді қалыптастыруда.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025