Технология • 25 Қыркүйек, 2025

IT мамандар тәжірибе алмасады

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» атты Х халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.

IT мамандар тәжірибе алмасады

Ауқымды ғылыми шара Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Ресей, Португалия, Пәкістан, Әзербайжан, Литва, Грузия және басқа да елдердің көрнекті ғалымдары мен сарапшылары қатысып жатыр.

Алқалы жиынды ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып, цифрлық технологияның маңызына тоқталды.

«Цифрлық технологиялардың дамуы – жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер кезеңі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жасанды интеллекті басым бағыт ретінде атап өтті. Бүгінде бұл – тек зерттеу нысаны ғана емес, сонымен қатар инженерлік және өндірістік міндеттерді шешудің қуатты құралы. Университетіміз осы бағытта белсенді ғылыми жобалар жүргізіп, жас ғалымдар мен студенттерді инновациялық қызметке кеңінен тартуда», – дей келе, ректор университеттің ғылыми орталықтары атқарып жатқан зерттеу жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар ашылу салтанатында ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, ҚР ҰҒА академигі Айдархан Қалтаев, Ресей ҒА корреспондент-мүшесі Сергей Кабанихин сөз сөйлеп, математика мен механиканың іргелі мәселелері жайлы пікір білдірді.

Үш күнге созылатын халықаралық жиын аясында әлемдік деңгейдегі ғалымдардың қатысуымен пленарлық мәжілістер; математика, механика, IT салалары бойынша секциялық отырыстар; жас зерттеушілер өз жобаларын ұсынатын стендтік сессиялар; «Ғылым мен инженериядағы жасанды интеллект: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел және өзге де шаралар жоспарланған.

Конференция барысында Қазақстан және Ресей Ұлттық ғылым академияларының академиктері, Питтсбург университеті, Падуя университеті, Лондон университеті (Queen Mary), Назарбаев Университеті және өзге де жетекші ғылыми орталықтар профессорлары баяндама жасады. Сондай-ақ үздік баяндамалар мен зерттеулер арнайы сыйлықтармен марапатталмақ.

Басқосуда математика мен механиканың іргелі және қолданбалы мәселелері, робототехника, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер талқыланады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025