Пікір • 25 Қыркүйек, 2025

Халықаралық қатынастағы әлеуетіміз айшықталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында жаһандық күн тәртібіне қатысты маңызды ой-толғамын ортаға салды.

Халықаралық қатынастағы әлеуетіміз айшықталды

Сурет: akorda.kz

Президент қазіргі әлемдік дамудың терең үрдістерін айқындап көрсетті. Бұлардың қатарында сенім дағдарысы, халықаралық құқықтың әлсіреуі, милитаризация, климаттың өзгеруі, технологиялық алшақтық қаупі бар. Аталған үрдістер жөнінде қазір түрлі саясаткерлер мен сарапшылар айтып жүр. Алайда Мемлекет басшысы бұларды жеке-жеке мәселе ретінде емес, әлемдік қауымдастықтан жүйелі әрі тиімді шешім талап ететін іргелі сын-қатерлердің біртұтас кешені ретінде қарастырып отыр.

Президент биылғы Жолдауда атап көрсеткен БҰҰ реформасының ауқымды жоспарын ұсынды. Онда негізгі басымдық Қауіпсіздік Кеңесіне беріліп отыр. Атап айтқанда, Кеңесті Азия, Африка және Латын Америкасының ірі мемлекеттері есебінен ротациялық негізде кеңейту, сондай-ақ орта державалардың рөлін күшейту қамтылған. Сонымен қатар БҰҰ Жарғысын жаңарту, ядролық қарусыздануды қайта жандандыру, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін құру секілді өзекті тақырыптар көтерілді.

Президенттің баяндамасынан жаңа жаһандық консенсусты, сенім мен ашықтыққа, жауапкершілік пен әділдікке, теңгерім мен ынты­мақтастыққа, құқықтың берік сақталуы мен ортақ ынтымаққа негізделген жаңа әлемдік тәртіп архитектурасын қалыптастыру идеясы айқын көрінді.

Маңыздысы, Президент БҰҰ мінберінен Қазақстанның халықаралық қатынастардағы мықты да жауапты субъект, дипломатия мен транзитте, энергетика мен технологияда алтын көпірге айналған ел ретіндегі әлеуеті мен ұстанымын анық байқатты.

 

Ерлан ҚАРИН,

Мемлекеттік кеңесші

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025