Алматы • Бүгін, 11:51

Алматыда трамвай қайта жүреді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда трамвай қозғалысы қайта жандануы мүмкін. Қала билігі жаңа желінің бағытын белгілеп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр, деп жатыр Egemen.kz.

Алматыда трамвай қайта жүреді

Жоспарға сәйкес, трамвай «Барлық» базарынан басталып, Төле би көшесі бойымен өтіп, әуежай бағытына дейін жалғасады. Бұл шешім мегаполистегі жолаушылар ағынын жеңілдетіп, көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сәдуовтің айтуынша, жаңа бағыттың басты артықшылығы – уақыт үнемдеу. «Мақсатымыз – адамдардың полиорталықтар арасында 20 минут ішінде қатынай алуына мүмкіндік жасау. Бұл – әлемдік тәжірибеге сай шешім», деді ол.

Қазір жобаның қаржыландыру тетігі талқылануда. Егер EPC+F форматы бойынша жүзеге асырылса, трамвай желісін бес жыл ішінде толық іске қосу мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше