Руханият • 25 Қыркүйек, 2025

94 жастағы қария қажылыққа жинаған қаражатын сырқат балаларға бөліп берді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қисайғанды түзетсең, жылағанды уатсаң, Тәңірінің үйі Бәйтолла қарсы алдыңнан келеді» деп жырлаған бабаларымыз кісі көңілін көтеру Қағбаны көтерумен, ал оны қирату Қағбаны қиратумен тең екенін айтып кеткен. Павлодардағы қарттар үйінде тұратын 94 жастағы Сағадат Жұмабаев ақсақал да қажылыққа бару үшін өмір бойы ақша жинаған екен. Бірақ соңғы сәтте сырқат бала тәрбиелеп отырған аналарға шапағат етіп, қаражатын 30 әйелге бөліп берген, деп жазады Egemen.kz.

94 жастағы қария қажылыққа жинаған қаражатын сырқат балаларға бөліп берді

Биыл шілде айында қолындағы 3,6 млн теңгесін 30 анаға тең бөлген кезде әйелдердің әрқайсысына 120 мың теңгеден келген. «Қажылыққа барсам» деген арманының орнына сырқат баласы бар аналарға көмек берген қарияның бұл ізгі әрекеті көптің жүрегін елжіретіп, көзіне жас алдырды.

Қарияның қайырымды әрекеті туралы естіген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы демеушілердің көмегімен қасиетті қажылық сапарына жолдама сыйлаған екен.

«Ұмра сапарына аттанар алдында Сағадат Жұмабаев Бас мүфтиге ақ батасын беріп, шынайы ризашылығын білдірді. Бас мүфти дәстүр жолымен ақсақалдың иығына шапан жапты. 94 жастағы қарияның қасиетті сапары оңынан болғай», деп хабарлайды Мүфтияттың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025