Оқиға • 26 Қыркүйек, 2025

Түркияның Анталия қаласында ресейлік әйел көз жұмды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы жағдай Кемер курорттық қаласында Камюва жағажайы аймағында болған. 42 жастағы Ресей азаматшасы Линария Музипованы қайық басып қалып, қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияның Анталия қаласында ресейлік әйел  көз жұмды

Фото: haberturk.com

Парасайлингтік компанияға тиесілі қайық (катер артынан парашютпен ұшу) қалқымалы белгімен қорғалатын аумақтан шығып кетіп, теңізде жүзіп жүрген әйелмен соқтығысқан.

Куәгерлер дереу жедел қызметтерді шақырған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер, жандармерия және жағалау күзеті әйелдің көз жұмғанын анықтаған.

Марқұмның денесі Антальядағы сот-медициналық сараптама мекемесіне жеткізілген. Қайық капитаны мен компанияның жауапты өкілі тергеуге алынған. Қазіргі уақытта Чамювадағы барлық су аттракциондары уақытша тоқтатылып, жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20