Спорт • Бүгін, 15:33

Котбустағы жарыста қазақстандық гимнасшылар алтын медаль иеленді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Германияның Котбус қаласында батутты гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңдік сайыстары өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Котбустағы жарыста қазақстандық гимнасшылар алтын медаль иеленді

Синхоронды секірушлер сайысында Даниял Мұсабаев пен Никита Тумаков асқан шеберлік танытып, 52,200 ұпай жиды. Осы нәтиже олардың жеңіске жетуі үшін жеткілікті болды.

Сөйтіп, жерлестеріміз бас жүлдені олжаласа, неміс спортшылары Кайо Локстерман мен Фабиан Фогель (52, 050 ұпай) күміспен күптелді.  

Ал Ұлыбритания өкілдері Зак Перзаманос пен Кори Уолкс (51.530 ұпай) қолаға қол созды.