Елорда • Бүгін, 18:27

Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып алуда. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, өңірлер жыл сайын жәрмеңкеге қатысып, елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады.

«Биыл біз негізгі басымдықты алма мен ет өнімдеріне бердік, сонымен қатар сүт өнімдерін де алып келдік. Бұл – біздің облыстың ерекшелігі», – деді ол.

Барлық жүк көліктері міндетті техникалық тексерістен өтіп, тасымалдау кезінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық сақталған.

Алматы облысы.