Тағайындау • Бүгін, 10:13

Бас Прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жандос Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Бас Прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев 1978 жылы туған.  Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісі болып бастаған. 

2010-2011 жылдары бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі — Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.

2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары — Бас прокуратураның кадрларды дамыту басқармасының бастығы.

2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.

2022 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.