Есірткі • Бүгін, 20:22

Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласындағы Ақсай полиция бөлімі қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, үй ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды

«Учаске» рейдтік шара барысында өз үйінің ауласында салмағы 138 килоға жуық 34 түп сора өсімдігін еккен тұрғын ұсталды. Бұдан бөлек, оқиға орнынан 19 килодан аса кептірілген марихуана табылды. Осыған байланысты 43 жастағы облыс тұрғыны қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы 135 есірткі құқық бұзушылықтары анықталған, 1 т 383 кило есірткі тәркіленіп. 5 фитозертхана анықталды.

Іс-шара аясында есірткі өсірумен айналысқан 47 адам ұсталып отыр. 

 

Соңғы жаңалықтар

Алтын - құнын жоғалтпайтын актив

Экономика • Бүгін, 18:00

Сарбаздар AI-sulu-мен танысты

Айбын • Бүгін, 10:47