
Шанхай театр институтына түскен бұл робот-докторанттың есім-сойы – «Сюэба 01». Оның бойы 1 метр 75 сантиметр, салмағы бар-жоғы 32 кило. Алдағы төрт жылда «Сюэба 01» Сахна өнері факультетінде «Сандық орындаушылық дизайн» мамандығы бойынша оқиды. Ол дәстүрлі қытай операларының қимыл-қозғалысын, жаттығу тәртібін және орындау техникасын жүйелі түрде меңгермек.