
37 жастағы спортшы әлемдегі ең биік шыңды бағындыруға осымен үшінші рет талпыныс жасаған. 2019, 2022 жылдары қауіпті жағдайларға байланысты ол шыңға шығудан бас тартты. Ал бұл жолы Баргель «Ажал аймағы» атанған 8 мың метрден жоғары бөлікті небәрі 16 сағатта еңсерді. Бұл аймақта ауа тым сирек, оттегі жетіспейді. Спортшы осы сәтті «жылдар бойы ішімде сақталып келген арманымның орындалуы» деп сипаттады.