Аймақтар • Бүгін, 18:10

Монополистер 20 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық табиғи монополияларды реттеу депар­таменті жыл басынан монополист компанияларға жоспардан тыс жеті тексеру жүргізген. Нәтижесінде бес заң бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Монополистер 20 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Департамент кейбір тұтынушылардың әділдікке қол жеткізуіне көмектескен. Мәселен, «Павлодар-Водоканал» ЖШС жаңа тұтынушылардан техникалық қызмет көрсету және құбырларды жуу үшін заңсыз ақы талап еткен. Шын мәнінде, бұл жұмыстар бұған дейін орындалған екен.

– Кәсіпорынға заң бұзушылықтарды жою, тұтынушыларға заңсыз өндірілген сомаларды қайтару және сумен жабдықтауға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы ұйғарым жіберілді. Ол толық көлемде орындалды. Сонымен қатар, кәсіпорынға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Заңбұзушылық нәтижесінде алынған кірістің он пайызы мөлшерінде айыппұл салынды. Ол да толығымен төленді. Жалпы жыл басынан бері өңір монополистеріне салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асты, - дейді өңірлік табиғи монополияларды реттеу депар­таментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратов.

Павлодар облысы