
Құрғақ кезінде өсімдіктер топыраққа май тәрізді зат бөліп, бактериялар геосмин атты ерекше молекула түзеді. Жаңбыр тамшылары топыраққа түскенде, осы молекулалар ауаға тарап, бізге таныс иісті қалыптастырады. Адамның мұрны геосминнің мыңдаған есе сұйытылған түрін сезе алады. Табиғаттың қарапайым құбылысы, яғни жаңбыр иісі – күрделі химиялық үдерістің нәтижесі.
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті