Логистика • Бүгін, 22:05

Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жолдарында Қытайда тіркелген көліктер жиі кездесіп жүр. Осыған орай: «бұл көліктерді кімдер басқара алады және ел азаматтарына оларды жүргізуге рұқсат бар ма?» деген сұрақ жиі туындайды. Заңнамаға сәйкес, халықаралық қозғалыстағы көліктерге елге кірген сәттен бастап 1 жылға дейін рұқсат беріледі, деп жазады Egemen.kz.

Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?

Мұндай көлік халықаралық қозғалыста деп есептелуі үшін:
– ол шетелде тұрақты тұратын адамға немесе ұйымға тиесілі болуы керек;
– Қазақстанда тіркелмеуі қажет;
– елге уақытша әкелінген болуы тиіс.

Ережеге сай, Қазақстан азаматтары шетелде тұруға рұқсаты (ВНЖ немесе тұрақты резиденциясы) болмаса, мұндай көліктерді басқаруға құқығы жоқ. Яғни қазақстандықтар қытай нөмірлі көлікті тек шетелде заңды түрде тұрып жатқан жағдайда ғана уақытша жүргізе алады.

Наурыз айында қандай автокөліктер көп сатылды?

Сонымен қатар, сақтандыруға қатысты да шектеу бар. Қазақстанда тіркелмеген көліктерге міндетті автосақтандыру рәсімделмейді. Ал сақтандырусыз көлік жүргізуге заңмен тыйым салынған.

 

Соңғы жаңалықтар