
Шамамен 1760 жылы ағылшын картографы Джон Спилсбери оқушыларға жағрафия пәнін қызықты өткізу үшін картаны ағаш тақтайшаға желімдеп, бірнеше елдің шекарасын қиып шығыпты. Содан кейін шәкірттеріне мемлекеттердің орналасуын дәл тауып қоюды тапсырады. Мінеки, алғашқы пазл осылай пайда болған екен. Бірақ сол кездері бұл бас қатырғыш ойын емес, білім берудің таптырмас құралы ретінде қабылданған. Тек ХХ ғасырда ағаш тақтайшаны картонмен алмастырғаннан кейін, пазлдар көптеп шығарылып, құны қолжетімді болды.