
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
«Солтүстік-Шығыс» шағын ауданында патрульдік қызмет атқарып жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрасыл Қуанышбай мен қатардағы патрульшілер Ерасыл Байнияз және Олег Фофонов бір үй ауласында телефон камерасының жарқылын байқап қалған екен. Күдіктінің белгісіз затты тығып, суретке түсірген сәті әскери қызметшілердің күдігін туғызған.
Ұландықтар оған жақындап, құжаттарын тексермек болғанда ол өзін агрессивті ұстаған Тексеру барысында оның қалтасынан салмағы шамамен 10 грамм болатын есірткі заты салынған капсула табылған.
Күдікті полицейлерге тапсырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.