Білім • Бүгін, 11:15

Мұғалімдер күніне қандай сыйлық жасауға рұқсат етіледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 5 қазан – Мұғалімдер күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке ұстаз еңбегіне құрмет көрсетудің айрықша күні. Әдетте мереке қарсаңында ата-аналар мен оқушылар арасында «мұғалімге қандай сыйлық жасауға болады?» деген сауал жиі қойылады. Көпшілік гүл сыйлауды дәстүрге айналдырғанымен, оның да белгілі бір заңдық шектеулері бар, деп жазады Egemen.kz.

Мұғалімдер күніне қандай сыйлық жасауға рұқсат етіледі

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, егер сыйлық құны 19 660 теңгеден асып кетсе, бұл заң бұзушылыққа жатады.

«Егер сыйлық құны 5 АЕК-тен асып, мұғалім сый жасаған адамның пайдасына әрекет етсе, мұндай жағдай Қылмыстық кодекстің 247-бабына («Заңсыз сыйақы алу») сәйкес жауапкершілікке әкеледі», деп ескертті агенттік.

Айта кету керек, 2023 жылдан бастап Қазақстанда Мұғалімдер күні жыл сайын 5 қазанда ресми түрде атап өтіледі. Бұған дейін мереке қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келген.