
Шығыс Қазақстанда өткізіліп жатқан көптеген мәдени іс-шараның бірі, бірегейі – осы оперетта театрының жұмысы. Бұған дейінгі қойылған қай спектакльді алсақ та, зал лық толып, халықтың қошеметіне бөленіп келеді. Ал әйгілі швед тобының әндеріне негізделген «Mamma mia!» мюзиклі көрерменге ерекше көңіл күй сыйлағандай. Олай дейтініміз, екі жарым сағатқа созылатын екі бөлімді қойылымды ел тапжылмай көріп шықты. Көңілді көріністі бастан-аяқ тамашалаған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та оң бағасын беріп, әлеуметтік желіде бөлісті.
Еске салсақ, қаланың қақ ортасындағы көне ғимарат оперетта театры болып ашылғалы мюзиклдер мен оперетталар, опералар мен музыкалық қойылымдар қойылады. «Mamma mia!» ең алғаш 1999 жылы Лондонда сахналанған. Содан бері әлемнің 50-ден астам елінде көрсетіліп, жүздеген миллион көрерменді тәнті етті. Ең қызығы, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында бұл туынды қазақ тілінде де сахналанған.
Шығыс Қазақстан облысы