
Патрульдік полиция қызметкерлері жолдардағы жағдайды бақылап, тікелей эфирде түсірілім жүргізіп жатыр. Қатты желдің салдарынан инспекторлардың ескертпе сөздерін тұрғындарға жеткізу қиын болып отыр.
Полиция департаменті жүргізушілерге мынадай ескерту жасайды:
- қозғалыс жылдамдығын төмендетіңіздер;
- көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар;
- қысқы дөңгелектерге уақытылы ауысыңыздар.
Құқық қорғау органдарының өкілдері атап өткендей, бұл қарапайым ережелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірін сақтауға көмектеседі.