Ауа райы • Бүгін, 09:25

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы күтіледі. Алайда «Қазгидромет» дерегіне сәйкес, тоғыз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: unsplash.com.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Балқаш, Қарағанды, Теміртау қалаларында, ал түнгі уақытта Қостанай, Атырау және Астанада атмосфералық ауа ластануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — желдің әлсіреуі, тұман, инверсия сияқты құбылыстардың қатар келуінен туындайды. Мұндай кезде зиянды заттар ауада жинақталып, жерге жақын қабатта шоғырланады. Соның салдарынан ауа сапасы төмендеп, халықтың денсаулығына теріс әсер ету қаупі артады.