Медицина • Бүгін, 11:30

МӘМС жүйесі жаңғыртылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

МӘМС жүйесі жаңғыртылады

Фото: Үкімет, телеграм

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту қолға алынды. Тиісті жұмыс жүріп жатыр. Ол медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті Премьер-министр.

Үкіметің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше осы мақсаттар үшін биыл шілде айында МӘМС жүйесін жетілдіруге бағытталған заң қабылданды. Ол медициналық көмектің бірыңғай пакетіне және сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етеді. Заң көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейтіп, сапасын арттырумен қатар, бүкіл денсаулық сақтау саласының ұзақмерзімді қаржылық орнықтылығына оң әсерін тигізеді.