
Тергеу дерегінше, 2021, 2023 және 2024 жылдары күдіктілер Көкшетау қаласында бірнеше адаммен кездесу кезінде ойдан шығарылған не болмашы себептермен ақша талап етіп, қорқытқан әрі күш көрсеткен.
Олар жәбірленушілерден 5 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін, ал бір адамнан құны 4,5 млн теңге тұратын автокөлік беруді талап еткен.
Барлығы төрт жәбірленуші сотта куәлік берген.
Сотта олардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтарымен, сараптамалармен, тінту және беттестіру хаттамаларымен дәлелденді.
Жеңілдететін мән-жай ретінде сот ағайындылардың кәмелетке толмаған балаларының барын ескерген.
Ағайындылардың біріне 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Екіншісіне және олардың танысы 6,5 жылға сотталды.
Бір айыпталушының әрекеттерінде рецидив белгілері бар екені анықталды.
Сот үкімімен ағайындылардан жәбірленушіге 250 мың теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, сот полиция департаменті мен прокуратураға қылмыстық іс жүргізу заңнамасының бұзылуына жол бермеу туралы жеке қаулылар жіберді.
Сот актілері әзірге заңды күшіне енген жоқ.