Энергетика • Кеше

Павлодар қаласында барлық ғимараттар орталық жылумен қамтылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылу маусымы басталғалы тұтынушылардан 150-ден астам өтініштер мен шағымдар келіп түскен. Олардың 99 %-ы қазіргі күні толықтай шешімін тапты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар қаласында барлық ғимараттар орталық жылумен қамтылды

Энергетика министрлігінің «Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамына арнайы дайындық паспортын табыстады. Бұл құжат ЖЭО-лардың алдағы қысқа толық әзір екенін растайды. Жылыту маусымы басталар алдында арнайы комиссия да тексеріс жүргізген.

Қазір облыс орталығындағы барлық 305 әлеуметтік нысан және 1338 көпқабатты тұрғын үй жылу жүйесіне қосылған. Ал жеке сектордағы баспаналардың 99 %-ы жылумен қамтылған.

- Қала бойынша жылумен және ыстық сумен жабдықтау кезеңінде 223 зақым анықталды. Қысқа мерзімде олардың барлығы жойылды, - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімінің орынбасаоы Әнуарбек Аманов.

Павлодар облысы