Президент • Бүгін, 14:11

Президент макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

Фото: Ақорда

Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.