Энергетика • Бүгін, 20:21

Жылу ала-құла берілуде

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың көпқабатты үйлеріне жылу 24 қыркүйектен бастап беріле бастаған. Бірақ әлі күнге үйлері жылынбай отырған жандар бар деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылу ала-құла берілуде

Қалаға жылу беретін «Севказэнерго» АҚ баспасаөз қызметінің айтуына қарағанда қаладағы барлық 1184 үйдің екеуіне ғана әлі жылу жіберілмеген. Өйткені бұл үйлердің ішкі жөндеу жұмыстары әлі күнге аяқталмаған.

Алайда жылу жіберілген деген кейбір үйлердің тұрғындары да тоңып отырғандарын айтып, әлеуметтік желілерде арыз-шағымдарын айтуда.

Қазір мизамшуақ тұр, алайда ауа райын болжаушылар сенбіден бастап суытатыныны айтады. Әлден тоңып отырған жандар жылу дұрыс жетпесе әбден тоңары анық.

ПЕТРОПАВЛ