Оқиға • Бүгін, 12:40

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда Instagram, Facebook және Snapchat әлеуметтік желілерінің жұмысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

Фото: istockphoto.com

NetBlocks дерегіне сүйенсек, платформаларға бірнеше ірі провайдер деңгейінде тосқауыл қойылған. 

Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйекте NetBlocks Ауғанстанда Талибанның «адамгершілікті қамтамасыз ету» шараларына байланысты интернеттің толық өшірілгенін хабарлады.

Бұл ретте БҰҰ Ауғанстанның сыртқы әлемнен оқшауланғанын мәлімдеп, мұндай қадам халықтың өміріне, экономикасына және гуманитарлық жағдайға ауыр зардап тигізетініне алаңдаушылық білдірген. Байланыс болмауы халықаралық ақша аударымдарын тоқтатып, әуе рейстерін шектеп және төтенше қызметтердің жұмысына кедергі келтірген.

Алайда Ауғанстанда интернет қызметі 48 сағат ішінде қайта қалпына келді. Бірақ билік өкілдері елде әдейі бұғаттау жасалғанын жоққа шығарып, мәселені ескірген талшықты-оптикалық кабельдердің ауыстырылуымен түсіндірген.