Ғалам ғажаптары • 10 Қазан, 2025

Шөлде жайқалған гүл

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғат тамашасы таусылған ба? Әлемнің ең құрғақ аймағы саналатын Чилидегі Атакама шөлінде гүл өсе бастады.

Шөлде жайқалған гүл

Әдетте мұнда гүл түгілі, шөп те өспейтін. Тіпті жаңбыр да жаумайтын. Ал биыл әсем гүлдер әр жерде қылтиып емес, шөл далада жайқалып өсіп тұр. Расымен, таңғалмасқа шараң жоқ. Ғалымдар бұл құбылысты зерттеуге кірісіп кетті. Андрес Белльо университетінің биотехнологтері өсімдіктердің осындай ортада қалай тірі қалатынын анықтап жатыр. «Атакама – күн ең көп түсетін, жаңбыр сирек жауатын аймақ. Мұндай жерде гүлдің өсуі нағыз ғажайып. Біз осы құбылыстың сырын ашсақ, ыстық пен су тапшылығына төзімді өсімдіктер өсіруге жол ашамыз», дейді зертхана жетекшісі Ариэль Орельяна.