
Фотолар: Қала әкімдігі
Оның жобасы дизайнмен ғана емес, экологиялық және функционалдық шешімдерімен де назар аудартып отыр. Нақты атағанда, үш қабатты әйнек қабырғалардан тұратын оқу корпусы күн энергиясымен толық қамтылып, табиғи жарықтың бөлмелерге молынан түсуін қамтамасыз етеді.
Басты ерекшелігі табиғатпен үйлесімділік, оқушылар білім алумен ғана шектелмей, табиғатты еркін бақылауға, таза ауада үй тапсырмаларын орындауға мүмкіндік алады.
Жоба иесі мектептің айналасын да мұқият ойластырған. Макетте ағаштар, су бұрқақтары және жасыл футбол алаңы да бар. Бұл тұрғыда балалар денсаулығын нығайтып әрі жақсы демалуға мүмкіндік алады.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше жобаның тағы бір маңызды қыры қолданылған материалдардың қайталама тұрмыстық қалдықтардан жасалуы. Осы арқылы Ақбота Базарбай қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен қайта өңдеудің маңызын көрсетті.