Президент • Бүгін, 12:13

Бір палаталы Парламентке өту халықаралық үрдіске толық сай келеді - Президент

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір палаталы Парламентке өту халықаралық үрдіске толық сай келеді - Президент

Фото: Ақорда

Президент өз сөзінде бір ел болып саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырып, елімізде түрлі бағытта ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын атап өтті. 

«Осы өзгерістер жалғасын табуы керек. Бір орында тұрып қалуға болмайды. Мемлекетімізді түбегейлі жаңғырту стратегиясын «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай жүргізе беру маңызды. Бұл – елімізде Президенттік билік жүйесінің тиімділігі сақталады деген сөз. Жалпы, бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді. Әлем елдерінің үштен екісінде осындай парламенттік жүйе қалыптасқан. Дәл қазір бізге керегі – ортақ ұстаным және парасатты, салмақты ұсыныс. Сондықтан барлық ой-пікірді, ұсынысты мұқият зерттейміз, егжей-тегжейлі қараймыз», деді Қ.Тоқаев.