ОРАЛ. 19 ақпан. Орал қаласында «Қазақстанда жасалған» акциясы басталды. Соған байланысты қаладағы ірі супермаркеттерде отандық өндіріс орындарында жасалған азық-түлік тауарлары арнайы әзірленген сөрелерге қойылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Біз бұл бастаманы бірден қолдадық. Соған сай супермаркеттерде өз елімізде өндірілген тауар түрлерін айрықшалап ерекшелейтін арнайы төрт бұрышты тақталар орнатылды. Осы арқылы тұтынушылардың Қазақстанда жасалған азық-түлік түрлеріне көздері бірден түседі», – дейді супермаркеттер жүйесінің директоры Галина Кожина.
Қазіргі таңда облыс орталығында басталған бұл бастама 8 супермаркет пен 4 азық-түлік базарының жетекшілері тарапынан бірден қолдау тапты. Акция талаптарына сәйкес қазақстандық тауарлар супермаркеттердің ең көрнекті әрі ең ыңғайлы орындарына орналастырылған. Мұның өзі оның көбірек сатылып алынуына мүмкіндік береді. Акцияның алғашқы күндерінің өзінде тұтынушылардың қазақстандық тауарларға деген қызығушылығы байқалғанын біз аталған супермаркеттерге бас сұққан кезде айқын аңғардық. Осы тұрғыда қала тұрғыны, тауар сатып алушы Нәсіп Төлеуішқызы өз тілегін былайша жеткізді: «Мен қазақстандық өндірісшілер азық-түліктің дәл осындай көптеген түрлерін өндіреді деп ойламаппын. Қателескен екенмін. Тіпті, оны сатып алмағанымызбен, қазақстандық тауарлармен танысудың өзі отаншылдық сезімді тереңдетеді екен. Бұған дейін бір ғана «Кублей» фирмасы шығарған ет, балық, көкөніс қалбырларын ғана білсек, енді қазақстандық азық-түлік тауарлары түрлерінің біз ойлағаннан әлдеқайда көп екеніне көз жеткізіп отырмыз».
Сонымен бірге, алдымыздағы сенбіде Орал қаласындағы «Ел ырысы» атты коммуналдық көтерме сауда базары жетекшілері де қазақстандық өндіріс орындарында өндірілген өнімдерді жеңілдетілген бағамен тұтынушыларға ұсынбақ.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: uralskweek.kz.

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19