Қоғам • Бүгін, 13:23

Тұрмыстағы зомбылық пен қайталанатын құқық бұзушылықтарға қарсы жаңа шаралар енгізіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін болдырмау мақсатында жаңа профилактикалық жүйе енгізілмек. Заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қараусыз және панасыз қалуына жол бермеу, қоғамдық орындардағы мас күйінде жасалатын және қайталанатын құқық бұзушылықтарға қарсы шаралар қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрмыстағы зомбылық пен қайталанатын құқық бұзушылықтарға қарсы жаңа шаралар енгізіледі

Фото: istockphoto.com

Жаңа тәсіл құқық бұзушылықтардың нақты санаттарына жедел әрекет етуге және олардың себептерін жоюға бағытталады. Сондай-ақ, профилактикалық жүйеге виктимологиялық тетіктер енгізіліп, ықтимал құрбандардың санын азайтуға басымдық беріледі. Бұл шаралар қауіпті аймақтарда бақылауды күшейтуді, азаматтарды қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге және өзін-өзі қорғауға үйретуді, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарын анықтап, оларға көмек көрсетуді қамтиды.

Сонымен қатар, заң жобасында «қоғамдық орын» ұғымы нақты анықталып, профилактикалық шараларды қолданудың бірыңғай құқықтық негізі жасалған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте енгізілген өзгерістер заңсыз контентті орналастырғаны және таратқаны үшін, сондай-ақ құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы мемлекеттік бұйрықтарды қасақана орындамағаны үшін жауапкершілік белгіленген. Бұл ретте құқықтық бірізділікті қамтамасыз ету үшін Әлеуметтік кодекске және үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі», деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше