
Жамбыл облыстық филармониясының ақпараты бойынша, осы бастама аясында 2025 жылдың 14 қазанында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Қазақстан – құтты мекенім» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Бұл кеш көрермендерге ұлттық өнердің ерекшелігі мен рухани байлығын таныстырып, қазақстандық мәдениеттің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға үлес қосты.
Өнерпаздардың Германиядағы сапарына Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілді. Концертте филармонияның үздік орындаушылары өнер көрсетті:
- «Қазақ елі» ансамблі (жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Дулат Байзилдаев);
- Мәдениет саласының үздігі, әнші Жандос Омаров;
- Бас домбырашы Наурызхан Абдрахманов;
- Жетігенші Айман Шерметова;
- Прима қобызшы Мәдина Байзилдаева;
- Орындаушы Рауан Аблкасов;
- Әнші Динара Диханбаева.