Ұлттық спорт • Бүгін, 08:03

Садақшылар сайысы

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданында дәстүрлі садақ ату­дан ашық турнир өтті. Сайыста еліміз­дің 12 өңірінен, Өзбекстан мен Ресей Феде­рациясынан 100-ден аса спортшы бақ сынады.

Садақшылар сайысы

Бұл турнирдің жүлде қоры 4,2 миллион теңгені құрады. Садақшылар үш нысана бойынша сынға түсті. Ерлерден пута нысанасында ақтөбелік Нұрлан Баймаханов, әйелдер арасынан маңғыстаулық Мадина Мурадова үздік атанды.

Ал қалқанды көздеуден Шымкенттен қатыс­қан Жәнібек Құлмырзаев, елорданың намысын қорғаған Айкөркем Батихан бірінші жүлдені иеленді. Сондай-ақ жамбы атудан Али Сесигюзел (Атырау) мен Айкөркем Батиханға тең келер спортшы табылмады.

«Бастапқыда садақ атуды хобби түрінде таңдаған едім. Кейінгі 5 жылдан бері бұл спортпен кәсіби түрде айналыса бастадым. Былтыр Шымкент қаласында өткен халықаралық садақ ату турнирінде жамбы атудан жеңімпаз болып танылдым. Сол сайыстан соң халықаралық дәрежедегі спорт шебері атандым. Биылғы жарыс өте жоғары деңгейде өтті», дейді Али Сесигюзел.

 

Атырау облысы