
Фото: Қырмызы Жұмағалиқызы
«Медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбегені анықталды», деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі,
Прокуратура араласқаннан кейін берешек толық көлемде өтеліп, ақ халатты абзал жандардың еңбегі лайықты бағасын тапқан. Сонымен қатар, заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.