Әлем • Бүгін, 17:51

Әлем тұрғындарының басым бөлігі жасанды интеллектке сақтықпен қарайды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемнің 25 еліндегі тұрғындар жасанды интеллект (ЖИ) технологиясына қатысты көбінесе сақтық танытып отыр. Pew Research Center-дің 2025 жылғы көктемде жүргізген сауалнамасына сәйкес, 25 елдің орта есеппен 34%-ы ЖИ туралы көп естігенін, 47%-ы аздап естігенін, ал 14%-ы мүлде естімегенін жеткізген, деп жазады Egemen.kz.

Әлем тұрғындарының басым бөлігі жасанды интеллектке сақтықпен қарайды

Фото: istockphoto.com

Орта есеппен 34% ересек адамдар ЖИ-нің таралуына сақтықпен қарайтынын айтса, 42% адамдар енжарлық танытқан. Ал 16% респонденттер, керісінше, ЖИ-ға оң көзқараспен қарайды.

Ал АҚШ, Италия, Австралия, Бразилия және Грецияда шамамен әр екінші респондент жасанды интеллект технологияларына алаңдаушылық білдірген. Оңтүстік Кореяда тек 16% ғана респондент сақтық танытқан.

Зерттеу сонымен қатар елдің кіріс деңгейі мен ЖИ туралы хабардарлық арасында айқын байланыс бар екенін көрсеткен. Жоғары табысты елдердің тұрғындары, мысалы Жапония, Германия, Франция және АҚШ азаматтары, ЖИ-ні жақсы білсе, кедей елдерде, мысалы Үндістанда 14%, Кенияда 12% ғана көп естігенін айтқан.

Сонымен қатар сауалнама барысында адамдарға өз елдері, Еуропалық Одақ, АҚШ және Қытайдың жасанды интеллектіні тиімді реттей алатынына сенімдері туралы сұрақ қойылған. Үндістанда 89%, Индонезияда 74%, Израильде 72% респонденттер ЖИ реттеуге мемлекет сенімді деп санаған. Ал Грекияда тек 22% респондент өз елдеріне сенім білдірген. АҚШ-та адамдар екіге бөлінген – 44% сенеді, 47% сенбейді. Мысалы,  республикашылдар мен оларға жақын тәуелсіздер (54%) тиімді реттейтініне сенсе, демократтар мен партияны қолдаушылар арасында бұл көрсеткіш 36%-ды құрайды.

Халықаралық салыстырмалы тұрғыдан алғанда, адамдар Еуропалық Одаққа ЖИ-ні реттеу бойынша АҚШ пен Қытайға қарағанда көбірек сенеді. Орта есеппен 53% ересек адамдар ЕО-ға, 37% АҚШ-қа, 27% Қытайға сенім білдірген.

Демографиялық ерекшеліктер де айқын байқалады. Мысалы, Грекияда 35 жасқа дейінгі азаматтардың 68%-ы ЖИ туралы көп естіген, ал 50 жастан асқандар арасында бұл көрсеткіш 20% ғана. 

Pew Research Center мәліметтері бойынша, әлем тұрғындарының көпшілігі ЖИ-ға қатысты сақтық танытатынын көрсетеді.