
Фото: gov.kz
Жәрмеңкеде 1 300 тоннадан астам экологиялық таза өнімдер саудаланады. Ет, шұжық және консерві өнімдері, сүт және сүт өнімдері, ұлттық сусындар, балық пен бал өнімдері, ұн, макарон және кондитерлік өнімдер, көкөніс, картоп, бақша дақылдары және басқа да тағам түрлеріне қолжетімі баға белгіленеді.
Жәрмеңкеге Павлодар облысының ірі кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары – «Победа» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Табыс» ШҚ, «BEST MILK» ЖШС, «ЭКО ДОМ» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Мяском» ЖШС қатысады.
Солтүстік Қазақстан облысынан ет, сүт және кондитерлік өнім өндіруге маманданған 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін әкеледі.
Жәрмеңке өтетін орынға №18, №37 және №303 бағытындағы автобустар қатынайды.