
Облыс аумағында қазір 11 конфессияның 127 діни бірлестіктері жұмыс істейді.
«Біздің клубымыз 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Ол өңірдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға қызмет етеді. Сонымен бірге экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша пікір алмасып, ұсыныстар жасап отырады», деді діндер ісі жөніндегі басқарманың бөлім меңгерушісі Нұртас Нұрмағанбет.
Бүгінгі таңда біздің елімізде 18 конфессияның өкілдері түсіністік пен өзара толеранттық негізде өмір сүруде.
«Президент жаһандық өзгерістер кезеңінде дін көшбасшылары айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысын түрлі дін мен мәдениет өкілдерінің өзара сенім мен сыйластық қатынастарының мекені деп санауға толық негіз бар. Бұл - мемлекеттік саясат пен азаматтық позицияның ретті жүргізілуінің нәтижесі», деді өзінің сөзінде Жүсіп Жұмағұлов.
Отырыс соңынан рухани келісімге үлес қосып жүрген белсенді азаматтарға облыс әкімінің атынан Алғыс хаттар мен құттықтаулар тапсырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы