ЖОЛДАУ • 17 Қазан, 2025

Жолдаудың жарқын жолдары

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Солтүстік Қазақстан облысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметовтың және басқа басшылар, аудан әкімдері, сала жетекшілері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылаған мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жолдаудың жарқын жолдары

Президенттің кеңесшісі ауылдық аймақтардың даму перспективалары цифрлық өзгерістерге байланысты екенін атап өтті. Мәжілісте Солтүстік Қазақстан облысында 590 ауылдық елдімекендер болса, соның 300-ден артығы перспективалы деп есептелетіндігі айтылды. Бұларда ауыл халқының 82 пайызы тұрады.

Мемлекеттің қолдауымен ауылдық жерлердің өмір сүру жағдайы жақсаруда. Қазір ауылдарға жаңа үйлер, мектеп, медициналық мекемелер мен спорттық нысандар салынуда. Аграрлық кешендерде цифрланған озық технологиялар енгізілуде.

Мәлік Отарбаев өзінің сөзінде цифрландырудың осы заманның өзекті талабы екенін атап, Жолдаудың тапсырмаларын сөзсіз орындау елдің дамуына кепілдік беретінін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15