Қылмыс • Бүгін, 11:03

Жезқазғанда бірнеше ұрлық жасаған ағайынды күдіктілер ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласында бірқатар ұрлыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазғанда бірнеше ұрлық жасаған ағайынды күдіктілер ұсталды

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында 63 және 59 жастағы ағайынды екі тұрғын анықталып, қамауға алынды.

Тергеу барысында олардың 2025 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында дүкендерден, сұлулық салондарынан және тұрғын үйлерден ақша, ұялы телефон, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағаны белгілі болды.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметі тұрғындарды жеке мүліктерін қараусыз қалдырмауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.