Спорт • Бүгін, 10:35

Қазақстан World Boxing рейтингінде үздіктер көшін бастады

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс федерациясы World Boxing әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады. Бұл тізім Өзбекстан мен Қазақстанның олимпиадалық бокстағы жетекші елдер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан World Boxing рейтингінде үздіктер көшін бастады

Өзбекстан рейтингте көш бастап тұр – елдің 12 өкілі (7 ер және 5 әйел) үздік бестікке енген.

Қазақстан екінші орында – 11 спортшымен (6 ер, 5 әйел).

Одан кейінгі орындарда:

Түркия – 8 (7 әйел, 1 ер),
Бразилия – 7 (3 әйел, 4 ер),
Қытай – 6 (4 әйел, 2 ер).

Англия, Үндістан және Жапония құрамаларында үздік бестікте бес-бестен боксшы бар.

World Boxing рейтингінің көшбасшылары

Қазақстан жеті салмақ дәрежесінде бірінші орында тұр (төрт ер және үш әйел боксшы). Өзбекстанның алты ер спортшысы өз салмағында көш бастап келеді.

Әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткен – Польшадан Юлия Шеремета (57 кг, 2075 ұпай). Ол бұл ұпайларды 2025 жылғы әлем чемпионатында (Ливерпуль), Бразилиядағы Кубокта (Фос-ду-Игуасу) және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында жинаған.

Ерлер арасында өзбек боксшылары Абдумалик Халоков (60 кг) және Асадхуджа Муйдинхуджаев (65 кг) 3000 ұпаймен көш бастап тұр. Екеуі де 2025 жылғы әлем чемпионаты мен 2024 жылғы Олимпиаданың жеңімпаздары.

Қазақстандық боксшылардың рейтингі

Ерлер арасында ең жоғары нәтиже көрсеткен – Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары). Ол 2025 ұпаймен 4-орында.
Сондай-ақ үздік бестікке Санжар Ташкенбай (50 кг) мен Махмуд Сабырхан (55 кг) енді – екеуінде де 1650 ұпай бар.

Әйелдер арасында Назым Қызайбай (51 кг) 1750 ұпаймен 4-орында.
Оның алдында:

Юлия Шеремета (Польша, 57 кг, 2075 ұпай),
Бусеназ Чакыроғлу (Түркия, 51 кг, 1975 ұпай),
Ребека Де Лима Сантос (Бразилия, 60 кг, 1837,5 ұпай).
Бестікті Тайвань өкілі Хуан Сяовэнь (54 кг, 1725 ұпай) түйіндейді.

Рейтинг қалай есептеледі?

World Boxing рейтингі үш жылдық ұпай жүйесіне негізделген (2024 жылғы Олимпиададан бастап).

Ұпайлар World Boxing санкциялаған жарыстарда жиналады:

Әлем чемпионаттары,
Олимпиада ойындары,
Әлем кубогы және оның финалдары (World Boxing Cup),
World Boxing Challenge сериясы.
Кейін континенттік чемпионаттар да тізімге қосылады.
Алғашқы рейтинг жеті басты турнирдің нәтижесіне сүйеніп жасалды, оның ішінде Астанадағы Кубок пен 2025 жылғы Ливерпульдегі әлем чемпионаты бар.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.