
Футбол клубының баспасөз қызметі бас менеджердің қызметінен кеткенін растады.
«Дидар Бақытбекұлы өз еркімен қызметтік лауазымын босату туралы шешім қабылдады. Ол қиын кезеңде клуб тізгінін ұстап, ұжымды дағдарыстан сәтті шығара білді. «Атыраудың» инфрақұрылымын түзетіп, ең бастысы – команданы Қазақстан Премьер-лигасында қалдыру міндетін абыроймен орындап шықты», деп хабарлады клутың баспасөз қызметі.
Ал Дидар Сыдықбектің айтуынша, өз еркімен қызметінен кетуіне отбасылық жағдайы себеп болған.