Тағайындау • Бүгін, 14:30

Алматы қаласының Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Абзалиденұлы Әлиев тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Данияр Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша және «Алматы» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.